Екі

 

 

«Екі» саны мәңгілік қарама-қайшылықтарда бейнеленетін әлемнің жұптасуы, қосарлануы/екілік нышаны: әйел – ер, өмір – өлім, жақсы – жаман, оң – сол, күн – түн және т.б. Мұндай оппозициялық құрылым бүкіл әлемдік мәдениеттің нышандық бейнесіндегі қарама- қайшылықтардың бірлігін көрсетеді: инь-янь, жұмақ-тозақ және т.б.
 
 

Көптеген түркі мифтік сюжеттерінде дүниенің Жоғарғы және Төменгі болып екіге бөлінгені туралы айтылады. Жоғарғы жағы – еркектік бастаумен байланысты ғарыш. Төменгі жағы – әйелдік бастаумен байланысты жер асты әлемі, тәртіпсіздік, қараңғылық. Сондай-ақ, қазақ мәдениетіндегі «екі» саны оқиғалардың, құбылыстардың, өмірдің қайтымсыз, қайтымсыздығын білдіреді: «екі айналып келмейді» (екінші рет оралмайды). Бинарлылық қағидаты оң (әйел) және сол (ер) бөліктерге бөлінген қазақтың киіз үйінде көрінеді. Осы қағидаға сәйкес тұрғын үйдің бүкіл ішкі құрылысы салынған, ол «Дәстүрлі тұрғын үйдің белгілері мен нышандары» бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырылады.

.